Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өнердегі ұстазы, қазақ театры мен киносының аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовке қатысты жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Актриса желі парақшасында өнер тарланымен бірге түскен суреттерін бөлісіп, ұлы актердің қазасы ел үшін ауыр соққы болғанын атап өтті.
«Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Абыз адам, аңыз тұлға еді. Асанәлі ағамыздың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Қазақ театр және кино өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз, артына мол мұра қалдырды. Ағамыздың отбасына, жақындарына көңіл айтамын. Жарқын бейнеңіз жадымызда мәңгі қалады. Ұстаз, бақұл болыңыз», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
