Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды • TikTok эфирінде балағаттаған тағы екі қазақстандық әйел қамауға алынды • Астанада ауа райы жылынады: апталық болжам • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады • Шайдоров Братиславадағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды • Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да спорттық жүрістен алтын алды • TikTok эфирінде балағаттаған тағы екі қазақстандық әйел қамауға алынды • Астанада ауа райы жылынады: апталық болжам •

    «Аузынан не шыққанын өзі түсіне ме?»: Кенжебек Жанәбіловтің масқарасы шықты

    «Аузынан не шыққанын өзі түсіне ме?»: Кенжебек Жанәбіловтің масқарасы шықты
    Фото: Instagram/kenzhebek.muzart
    «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желіде тараған видеосының кесірінен күтпеген жерден сынның астында қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Видеода Кенжебек жас өнерпаздардың дайындығын бақылап отырып, «Неге, неге?» әнінің сөзін түзетпек болады. Ол әннің бір жолын айтып шыққанда, «түндегейсің» деген тіркес қолданушылардың назарын бірден аударған.

    «Бұл ән былай айтылады. Түндегейсің. Сондай-ақ “ақ көңілді” емес, ақ көңілдім деп айту керек», — деп кеңес берген әнші жастармен бірге әндетеді.

    Алайда көрерменді әннің дұрыс айтылуы емес, дәл осы сөздің өзі таңғалдырды. Желідегі пікірлер қас-қағым сәтте толып кетті:
    • «Шынымен түнде гейсің деді ме?»
    • «Аузынан не шыққанын өзі түсіне ме?»
    • «Кенжебектің сөзі де, костюмі де бөлек әлем»,
    • «К700 айдайтын ағадан алған киім сияқты» — деп әжуалады көпшілік.

    Дегенмен, барлық пікір сын болмады. Кейбір пайдаланушылар әншінің кәсіби деңгейін атап өтіп: «Тілінен сүрінсе де, дауысынан сүрінген жоқ» деп қорғап шықты.

    Осылайша бір ғана ауыз сөз тәжірибелі әншіні желідегі қызу талқылаудың ортасына түсіріп, «МузАрт» мүшесін күтпеген хайпқа айналдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →