Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Көз салып жүр ме?»: «Интер» Анарбеков туралы қазақша жазба жариялады (ВИДЕО)

    «Көз салып жүр ме?»: «Интер» Анарбеков туралы қазақша жазба жариялады (ВИДЕО)

    Фото: ФК «Қайрат»
    Миландық “Интер” клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде алматылық “Қайратқа” қарсы өткен ойынға байланысты жаңа жазба жариялады. Италиялық команда Темірлан Анарбеков туралы қазақ тілінде пост жазып, қазақстандық жанкүйерлерді тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    “Интер” Instagram парақшасында “Қайраттың” қақпашысы Темірлан Анарбековтың матч барысында жасаған керемет сейвтері топтастырылған видео салған.

    “Екі тамаша сейв жасалды. Басқа контенттер үшін бізді бақылап жүріңіз”, – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

    Бұл жазба қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, олардың италиялық клуб парақшасындағы белсенділігі күрт артты. Алайда көпшілік пікірінше, Instagram-ның жаңа алгоритмдеріне байланысты бұл пост тек Қазақстаннан кірген қолданушыларға ғана көрсетіліп отыр.

    “Бауырсақ пен пицца – бауырлар”, “Интер Анарбековке көз салып жүр ме?”, “Рақмет, Интер!”, “Біздің жанкүйерлер санын көбейтіп жатыр”, “Жазба тек Қазақстанда көрінеді екен”, – деп пікір қалдыруда отандастарымыз.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Inter (@inter)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →