Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Ресейлік «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне плакат ұстаған бойжеткен кіріп кетті (видео)

    Дүйсенбі күні Ресей «Бірінші арнасының» «Время» бағдарламасы соғысқа қарсы акцияға байланысты күтпеген жерден үзіліп қалды.

    Тікелей эфир кезінде болған оқиғанының видеосы әлеуметтік желіде жаппай тарап жатыр. Видео кадрдан «Время» бағдарламасының жүргізушісі Екатерина Андрееваның Батыс санкциясының салдарын азайтуға арналған үкімет жоспары туралы айтып отырғаны көрініп тұр. Сол сәтте оның артқы жағына белгісіз әйел жүгіріп шығып, «Соғысты тоқтатыңдар, пропагандаға сенбеңдер. Мұнда өтірік айтады» деген жазуы бар плакат ұстап тұра қалады да «Соғысты тоқтатыңдар!», «Соғысқа жол жоқ!» деп айқай салады.

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Mash/Мэш (@mash_breaking)

    Арада бірнеше секунд өткенде бағдарлама режиссері эфирді үзіп жіберіп, өзге сюжетті қосып жібереді.

    Кейіннен бұл акцияны Бірінші арнаның Марина Овсянникова деген редакторы жасағаны, оның акцияға шығардан бұрын Украинадағы басқыншылықты қылмыс, Ресейді агрессор ел, Владимир Путинді агрессияға жауап беретін адам деп атап, видео үндеу әзірлеп қойғаны мәлім болды.

    Овсянникова үндеуінде «туыс халықтар арасындағы соғысты дереу тоқтатуға» және ештеңеден қорықпай, соғысқа қарсы митингіге шығуға шақырған. «Бәрімізді бірдей қамай алмайды», – деді ол.

    Овсянникова көп жыл «Бірінші арнада» жұмыс істеп, «Кремль пропагандасымен айналысқанына» өкінетінін айтқан. «Өтірік хабармен орыстарды зомбилауға қатысқаныма ұялып тұрмын», — дейді үндеуінде.

    Бұл акциядан соң Овсянникованы полиция бөліміне әкеткен. Әзірге оған адвокаттары кіре алмай отыр.

    24 ақпанда Ресей қарулы күштері Владимир Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кіріп, ізінше Ресейдің түрлі қалаларында соғысқа қарсы акциялар басталған еді. Қазірге дейін 15 мыңнан астам адам қамалған.

    Соғысқа қарсы акцияға шыққандарға Ресей заңы бойынша ірі айыппұл салынады немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →