Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Қытай Ресейге көмектессе өзі ауыр санкция астында қалады — АҚШ

    Егер Қытай үкіметі Ресейдің санкциядан жалтаруына қол ұшын беретін болса, өзі де ауыр санкцияның астында қалуы мүмкін, бұл туралы кеше Құрама штаттардың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейкоб Салливан мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.Today.

    Екі тараптың келісімі бойынша, Джейкоб Салливан бүгін ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ОК Сыртқы істер комитетінің жетекші хатшысы Ян Цзечимен Рим қаласында кездеседі, тараптар Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасады деп болжануда.

    Сарапшылардың пікірінше, жаһандық экономикамен тығыз қатынастағы және әлемдік нарық-қаржы жүйесімен кірігіп кеткен Қытай қанша жерден Ресейге бүйрегін бұрып тұрса да, артық әрекетке бара қоймайды, әсіресе, Ресей тараптың әскери жәрдем сұраған өтінішін жауапсыз қалдырары анық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →