Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

    Ақтауда сот баласын ауруханаға жеткізу үшін жылдамдықты асырған жүргізушіге кешірім берді

    Ақтауда сот баласын ауруханаға жеткізу үшін жылдамдықты асырған жүргізушіге кешірім берді

    Фото: Pixabay

    Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жылдамдықты асырып айыппұл салу туралы қаулының күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қала тұрғыны жол қозғалысы ережелерін бұзып, белгіленген жылдамдықты 10-20 шақырымға асырған. Сотта әйел мұндай әрекетке мәжбүр болғанын айтты. Сол күні оның эпилепсиямен ауыратын ұлының тырысуы басталып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажет болған.

    «Ол күні баласының дене қызуы көтеріліп, тырысуы басталған. Баласының жағдайы күрт нашарлаған соң, анасы оны тезірек ауруханаға жеткізу үшін жылдамдықты арттырған», – делінген сот хабарламасында.

    Сот материалдарын зерттей келе, судья әйелдің әрекеттерін мәжбүрлі жағдай деп таныды. Яғни, жүргізуші жылдамдықты баласының өмірі мен денсаулығына төнген тікелей қауіптің алдын алу мақсатында асырған. Мұндай жағдайлар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 37-бабында қарастырылған.

    Осылайша, айыппұл төлеу туралы қаулының күші жойылып, іс өндірістен тоқтатылды. Сот шешімі заңды күшіне енді. Сонымен қатар мамандар азаматтарға егер айыппұл қаулысымен келіспесе немесе құқықбұзушылық болмағанын дәлелдей алады деп есептесе, шағым түсіруге болатынын еске салады.

    Шағым берудің қолжетімді тәсілдері:

    •    eGov және eOtinish платформалары арқылы;

    •    Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімі (ЕРАП) платформасы арқылы;

    •    Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөліміне жеке өтініш беру арқылы.

    Балама шағым беру нұсқалары:

    •    Жоғары тұрған органға шағым түсіру;

    •    Айыппұлды сот тәртібімен даулауға болады.

    Сондай-ақ айыппұл қаулысы шыққан күннен бастап 7 күнде төленсе, 50% жеңілдікпен өтеуге болатыны да атап өтілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →