Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді • Дәрігер: үнемі тоңу әртүрлі себептерден болуы мүмкін • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді • Дәрігер: үнемі тоңу әртүрлі себептерден болуы мүмкін •

    Президент: Жаңа технология адамзат игілігіне қызмет етуі тиіс

    Президент: Жаңа технология адамзат игілігіне қызмет етуі тиіс

    Фото: Pixabay

    Мемлекет басшысы жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалану және оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыруды басты міндет ретінде атады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Президенттің айтуынша, бүгінде бүкіл әлем жасанды интеллект дәуіріне қадам басты.

    Озық технологиялардың қарқынды дамуы саясатқа, экономикаға және миллиардтаған адамның өміріне тікелей ықпал етіп отыр.

    Сарапшылардың бағалауынша, соңғы жылдары жасанды интеллект саласына әлем бойынша бір триллион доллардан астам инвестиция салынған. Ал бұл саланың әлемдік экономикаға қосатын үлесі алдағы онжылдықта жеті триллион долларға дейін жетуі мүмкін.

    Алайда оң нәтижеге тек технологияны жауапкершілікпен қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда жасанды интеллектті пайдалану жауапкершілігі төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Әсіресе, ортақ реттеу ережелерін қабылдау және барлық елдің озық технологияға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

    – Біздің міндетіміз – жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалану, оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →