Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді

    ҰҚК-ның 2 қызметкері мәжілістен кетті

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері Файзолла Каменов пен Сергей Решетниковтың депутаттық өкілеті тоқтатылды. 9 наурызда пленарлық отырыс кезінде мәжіліс олардың өкілетін тоқтату туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы екеуінің өкілетін тоқтату туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Orda-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Сәрсенбі күні мәжіліс бір депутатпен толықты. Айтыс ақыны Аманжол Алтай мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, жаңа қызметіне кірісті.

    Решетников пен Каменов 2021 жылдың қаңтарындағы парламент сайлауының нәтижесінде мәжіліске келген. Олар парламенттің төменгі палатасына «Қазақстан халық партиясы» атынан сайланды. Екеуі де бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінде істеген, 2019 жылы құрылған Uran қоғамдық бірлестігіне мүше. өкілдері.

    Файзолла Каменов бұған дейін мәжілістің – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетіне, Сергей Решетников халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетіне мүше болған.

    Аманжол Әлтай жылдар бойы жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып істеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →