Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Алматыда автобус 30 жастағы әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Алматыда автобус 30 жастағы әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды

    Алматы облысының полициясына 40 жаңа автокөлік табысталды

    Алматы облысының полициясына 40 жаңа автокөлік табысталды
    Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шара аясында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік берілді, деп хабарлайды Qazaq.today.
    Бұл — өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын күшейту бағытындағы маңызды қадам.

    Салтанатты рәсім Қонаев қаласының Орталық алаңында өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, полиция бөлімшелерінің басшыларына көлік кілттерін салтанатты түрде табыстады.

    Облыс әкімінің айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді.

    «Бұл – жай ғана техника емес. Бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құралдар. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің арқасында жаңа деңгейге көтеріледі», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Аталған көліктер Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Алатау, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне бөлінді.

    Мерекелік шара одан әрі Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Облыс әкімі өз сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    «Полиция қызметкері – бұл тек мамандық емес, бұл – ел алдындағы жауапкершілік пен халық сенімінің символы. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – олардың күнделікті жұмысы», – деді әкім.

    Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 маусымда Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтқан сөзін еске салды:

    «Заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басым бағыттары. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек».

    Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, соңғы үш жылда Алматы облысында ішкі істер саласын дамытуға 51 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталып, 167 автокөлік, заманауи техникалар, планшеттер мен серверлік құрылғылар сатып алынған. Сондай-ақ, бейнебақылау жүйелері орнатылып, 20 шұғыл шақыру түймесін (SOS) іске қосу жоспарлануда.

    Бүгінде облыс аумағында 51 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бұл қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.

    Салтанатты жиын барысында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында 40 полицей қызметтік міндетін атқару барысында өмірімен қош айтысқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →