Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Алматыда автобус 30 жастағы әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Алматыда автобус 30 жастағы әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды

    Сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

    Сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

    Сурет: 123RF/bee32

    Енді елімізде сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бұл туралы бүгін Сенатта тиісті заңды екі оқылымда қарап, қабылданған.

    “Сталкинг кезінде жәбірленушіге қасақана аса ауыр жарақат келтірілген жағдайда, бұл іс-әрекеттер Қылмыстық Кодекстің баптарымен сараланады”, – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

    Қабылданған заңнамаға сәйкес сталкинг жасағандарға айыппұл және 50 күнге дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделіп отыр.

    Ақпарат

    Сталкинг — бұл бір адам екінші адамды қасақана, жүйелі және ұзақ мерзім бойы аңдуы немесе қудалауы. Бұл әрекеттер қорқыныш, мазасыздық немесе қауіп сезімін тудыруы мүмкін. Сталкинг әдетте адамның еркінен тыс орын алады және оның жеке өміріне қол сұғу болып саналады.

    Сталкингтің негізгі белгілері:

    • Қайта-қайта хабарласу (қоңырау шалу, SMS, мессенджер арқылы жазу);
    • Әлеуметтік желілерде бақылау (профильге кіріп отыру, әр постқа реакция білдіру);
    • Адамның жүріп-тұруын қадағалау (үйдің маңында күтіп тұру, артынан жүру);
    • Бөтен адамдар арқылы ақпарат жинау (достарынан, туыстарынан сұрастыру);
    • Қорқыту немесе жанама түрде қысым көрсету (аноним хабарламалар, «кездейсоқ» кездесулер).

    Сталкингтің зардаптары:

    • Психологиялық күйзеліс;
    • Қауіпсіздіктің бұзылуы;
    • Ұйқысыздық, мазасыздық, қорқыныш;
    • Кей жағдайларда — физикалық қауіп немесе шабуыл.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →