Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Бұқарада Аралды қорғауға арналған кілем-үндеу таныстырылды • Жаңа адамдар Бұхарада кілемге бейнелеген үндеуін таныстырды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Бұқарада Аралды қорғауға арналған кілем-үндеу таныстырылды • Жаңа адамдар Бұхарада кілемге бейнелеген үндеуін таныстырды •

    «Біздікі де жақындап қалды»: Жазира Байырбекова отбасындағы жаңалықты бөлісті

    «Біздікі де жақындап қалды»: Жазира Байырбекова отбасындағы жаңалықты бөлісті

    Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

    Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасына қатысты жаңалықты жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі әріптестерінің балалсы үйленіп, қыздары ұзатылып жатқанын тілге тиек етті.

    “Биыл әншілердің дені келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Мирас қызын ұзатты. Нұрлан Еспанов келін түсірді. Сәкен де келін түсіріп, қуанып жатыр. Ақбота Керімбекова келін түсірді. Біздікі де жақындап қалды-ау. Ата-ене болуға дайындалайық”, – деп жазды әнші.

    Одан кейін эстрада жұлдызы әр өңірдің салт-дәстүріне байланысты кеңес те сұрады.

    “Қазақстанның әр өңіріндегі салт-дәстүр де әртүрлі. Қыз бен жігіт өзара шешім қабылдап, отбасын құрамыз десе қадамды неден бастауы керек?! Қыз ұзатып, келін түсіргендер ойларыңызды бөліссеңіздер?! Құдалықты қалай жасадыңыздар?” – деп сұрады өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →