Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады •

    «Балқадиша» әнімен желі жұлдызына айналған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

    «Балқадиша» әнімен желі жұлдызына айналған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

    «Балқадиша» әнін орындап, желіде танымал болған жас спортшы бала Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетті.

    Желі жұлдызына айналған баланың аты-жөні – Бекболат Иса. Оның орындауындағы әннің видеосы желіде кең таралып, жас орындаушының таза даусы мен вокалдық шеберлігіне қазақстандықтар ерекше ықылас білдірген.

    Жас спортшы Димаштың концертінде өзін танымал еткен «Балқадиша» әнін дүйім жұрттың алдында орындады.

    Желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге жылы лебіздерін білдірді.

    «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген, Димашымыз інісін сахнаға шығарыпты. Браво!», «Күресті қойып ән айту керек секілді балаға», «Тіл көзден аман болсын! Керемет», «Інілеріне қолдау болатын ағалары көп болсын!», «Керемет, сөзім жоқ. Тек эмоция», — деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, осыған дейін Атырауда бәстен жеңілген жас спортшы «Балқадиша» әнін айтып, TikTok жұлдызына айналғаны хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →