Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты • Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты •

    Қазақстандық конькишіге Әлем кубогының медалін иеленуге 0,01 секунд жетпей қалды

    Қазақстандық конькишіге Әлем кубогының медалін иеленуге 0,01 секунд жетпей қалды

    Конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кристина Силаеваға Әлем кубогы кезеңінде медаль иеленуге сәл ғана жетпей қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеп.

    Канаданың Калгари қаласында өткен жарыстың соңғы күні спортшы 500 метр қашықтықта ең мықтылар дивизионында сынға түсті. Силаева 37,25 секунд нәтиже көрсетіп, төртінші орынға ие болды. Қазақстандық қыз қола жүлдегер атанған жапондық Куруми Инагавадан 0,01 секундқа қалып қойды.

    Енді 155 ұпай жинаған Силаева осы қашықтықта Әлем кубогының жалпы есепке алу кестесіндегі алғашқы 10 орынды тұйықтап тұр. Жеңіске голландиялық Фемке Кок (37,01) жетті, күміс орын поляк Анжелика Войчикке (37,16) бұйырды. Ерлер арасындағы ең мықты дивизионда қазақстандық Алтай Жәрдембекұлы жеке көрсеткішімен 18-орынға (34,73) ие болды. Жеңіске жалпы есепте көшбасшы америкалық Джордан Штольц (33,85) жетті.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Калгариде өткен Әлем кубогында Силаева В дивизионында 1000 метрлік қашықтықта екінші орынды иеленген болатын.

    Фото: Lintao Zhang/International Skating Union via Getty Images 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →