Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды? Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды?

Геннадий Головкинге ескерткіш қою керек – бапкер

«Кәсіпқой бокс әлемінде үздік танылған, елімізді күллі әлемге танытқан Геннадий Головкинге ескерткіш қою керек». Алматыда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтетін кәсіпқой бокс кешінің баспасөз жиынында белгілі бапкер Сағатбек Мұсаханов осылай деді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Сағатбек Мұсаханов – Жанқош Тұраровтың жеке бапкері. Алайда бапкер жастарға үлгі болған,  ел намысын халықаралық ареналарда ұзақ жыл қорғап келген Геннадий Головкинге еңселі ескерткіш тұрғызу керек екенін айтты.

«Жанқошпен ұзақ жыл бойы бірге келе жатырмын. Арманым – оны әлем чемпионы қылу. Ол арманыма бір қадам жақындаған сияқтымын. Бірақ мен осы жиында басқа бір ұсынысты айтқым келеді. Жуырда Мексика елі ардақты ұлы, кәсіпқой боксшы Сауль  Альвареске (57-2-2, 39 KO) үлкен ескерткіш тұрғызды. Ол елінің атын шығаруға еңбек сіңірді. Ол біздің мақтанышымыз Генамен де шаршы алаңға шыққан. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) Қазақстанның атын әлемге паш етті. Головкинге ескерткіш қою керек деп санаймын. Оның еңбекқорлығы – жастарға үлгі»,  — деді бапкер Сағатбек Мұсаханов.

Айта кетсек, 21 наурызда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бокстың басты жекпе-жегі жеңіліс дәмін татпаған Жанқош Тұраров (26-0, 18 КО) пен бірінші жартылай орта салмақтағы (63,5кг) қазіргі ІВО белбеуінің иегері Алехандро Менесестің  (16-5, 9 КО) арасында өтеді. Мексикалық былғары қолғап шебері елімізге атағын қорғауға келген алғашқы әлем чемпионы болмақ.

«Қарсыластарымыздың сонау алыстан келгеніне, ұсынысты қабыл алғанына  рахмет айтамын. Ертең тарихи сәт болады. Наурызда халқыма үлкен жеңіс, қуаныш сыйлағым келеді. Әлем чемпионы болу – әр боксшының арманы. Оған бір қадам қалды. Егер мен чемпион болып жатсам, ел намысын қорғайтын жігіттер көбейеді деп санаймын. Бұл кездесу – әр боксшының арманы. Жарысқа жақсы дайындалдым. Бұл мүмкіндікті жібергім келмейді. Ертең ел үмітін ақтаймын деген сенімдемін. Осы кездесуден соң көптеген келісімшарттар болады. Оларды ойлап тұрғаным жоқ. Алдағы уақытта шетелдік ареналарда да ел намысын қорғасам деймін», — дейді кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика