Павлодар облысында өртенген үйден 40 жастағы ер адамның денесі табылды

Фото: ТЖМ

ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды.

Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика