Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жамбылда «Таза-Талас» басшысы көлік сатқаны үшін жеті жылға сотталды

    Жамбылда «Таза-Талас» басшысы көлік сатқаны үшін жеті жылға сотталды

    Жамбыл облысында «Таза-Талас» басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайдыQazaq.today ақпарат агенттігі.

    Ол жалған құжаттар негізінде 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатып жіберген, деп жазады  Azattyq Rýhy.

    «Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған», — деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

    Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған. Іс шеңберінде прокуратура құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

    «Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады дереккөз.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →