Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты •

    Мемлекетке Қорғаныс министрлігінің заңсыз алған пәтерлері қайтарылды

    Мемлекетке Қорғаныс министрлігінің заңсыз алған пәтерлері қайтарылды

    Биыл әскери прокуратура органдары Қорғаныс министрлігінің 30 жылға жуық уақыт заңсыз иелігінде болған нысандарын қайтарды, деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

    Олардың бәрі 6 млрд теңгеден астам сомаға бағаланып отыр.

    «Атап айтқанда, Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 млрд теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылды. Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимарат, 2 өндірістік цехтан тұратын кешен 20 жыл бойы бір адамның қолында болған. Қазір осыларды қайта тіркеу рәсімі жүргізіліп жатыр. Олар тіркеуден өткеннен кейін қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады», – деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

    Сондай-ақ қадағалау актілері бойынша құны 180 млн теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды. Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 млн теңге тұратын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылды. Олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →