Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов •

    Алматыда арсыздығымен танылған мектеп түлектері елдің ашуын тудырды

    Алматыда арсыздығымен танылған мектеп түлектері елдің ашуын тудырды

    Фото: zakon.kz

    Әлеуметтік желіде бір топ жастың бес-алты автокөлікпен Алматы жолдарында ары-бері ойқастаған видеосы тарады. Жастар жол ережелерін жаппай өрескел бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған.

    Видеодан олардың бастарын көлік терезелерінен шығарып алғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, олар «жолды жауып, тәртіпсіздік жасаған». Желі қолданушылары жастардың бұл әрекетін қатаң айыптауда.

    «Бұл факт бойынша тексеру амалдары қолға алынды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар міндетті түрде жауапқа тартылады. Оларға ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», — деп мәлім етті Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар, полицейлер жолдардағы мұндай қылық рұқсат етілмейтінін және қозғалыстың басқа қатысушыларына нақты қауіп төндіретінін еске салады.

    «Мұндай фактілердің жолын кесетін боламыз. Біз ата-аналарды мектепті бітірген кезде балаларының тәртібін жіті бақылауға алуға шақырамыз», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →