Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен •

    “Салық төлеушілердің ақшасына оқуға барды”: Белгілі журналист “Болашақпен” оқып келген Айгүл Иманбаеваға шүйлікті

    “Салық төлеушілердің ақшасына оқуға барды”: Белгілі журналист “Болашақпен” оқып келген Айгүл Иманбаеваға шүйлікті

    “Айгүл Иманбаеваның “ тойский” әндері қымбаттай ма, әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!” деп жазды журналист.

    Белгілі журналист Гүлбану Әбенова “Болашақ” бағдарламасымен Лондонда оқып келген әнші, әрі актриса Айгүл Иманбаеваға шүйлікті. Бұл туралы ол өзінің фейсбук-парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    “50 жастағы студентіміз Лондоннан елге оралды. Бір жыл бойы оның көңілі дүкен аралап, шоппинг жасауға ғана жетті. Мұны Instagram парақшасынан көріп отырдық. Ағылшындардың арт-менеджменті туралы бірде-бір пост жариялауға шамасы келмеді. Альбиондағы бір жыл демалысы үшін кімге алғыс айтады? Әрине, PR және роудшоу министрі Саясат Нұрбекке. Өйткені соның арқасында ағылшын тілінен емтихан тапсырмай, салық төлеушілердің ақшасына оқуға барды», — деп жазды ол.

    Бұл ғана емес, шетелде оқуға мүмкіндік алған Димаш Құдайбергенді де тілге тиек етті.

    «Саясат Нұрбек дәл осындай сәтті билетті тағы бір музыкант, жұлдызымыз Димашқа сыйлаған болатын. Ол да қабылдады. Бірақ менің шулы жазбамнан соң, ол өз ақшасына бара алатынын айтып, «Болашақ» стипендиясынан бас тартқанын жариялады. Азамат ғой! Кейіннен ол америкалық мектепке режиссердің оқуына кетті. Ал енді Айгүл Иманбаеваның “тойский” әндері қымбаттай ма, әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!”,  – деп жазды журналист. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →