Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді

Толғағы келген әйелді жеткізбек болған: Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі өртенді

Дәрігерлер босанайын деп жатқан пациентті Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан.

Толғағы келген әйелді тасымалдаған жедел жәрдем көлігі Алматы-Өскемен тасжолында өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, 8 қарашада Жетісу полиция автопатрулі жедел жәрдем көлігінің жолда өртенуіне байланысты толғағы жеткен әйелді ауруханаға жеткізген.

«Дәрігерлер босанайын деп жатқан пациентті Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан. Алайда жолда жедел жәрдем көлігінен ақау шығып, толғағы келген әйелді полиция қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов полиция автопатруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді. Онда қажетті көмек көрсетілді», — деп хабарлады облыс ПД ПБП командирінің орынбасары Абылай Беркендіков.

Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →