Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда

    Қарағанды облысында мектеп директоры қамауға алынды

    Қарағанды облысында ауыл мектебінің директоры 15 тәулікке қамауға алынды. Ол мас досына көлігін жүргізуге берген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Директор қамауға алынып қана қоймай, көлік жүргізуші куәлігінен де айырылды.

    Нұра аудандық соты хабарлағандай, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада мұғалімнің осы жылдың шілде айында көлігін мас досына сеніп тапсырғаны көрсетілген. Екеуі ортақ танысының үйінде бірге ішімдік ішіп, сосын қыдыруға шыққан. Сол кезде мектеп директорының көлігін полиция тоқтатқан.

    Тәртіп сақшысы көлікті мас күйінде болған көлік иесінің досы басқарғанын анықтайды.

    «Нұра аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралын мас күйдегі адамға беру) көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін мектеп директорын кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды», — делінген сот шешімінде.

    Мұғалім көлікті басқаруды досына бермегенін алға тартып, сот шешіміне шағым түсірмек болған. Ол сол уақытта ол ұйықтап қалғанын және рөлге досының отырғанын білмегенін айтқан. Құқық бұзушының, полицей мен прокурордың уәждерін зерделеген сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →