Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» •

    Қазақстанның Украинадағы елшісі шұғыл мәлімдеме жасады

    Қазақстанның Украинадағы және Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев шұғыл мәлімдеме жасады.

    Ол Информбюро бағдарламасына берген сұхбатында, елдегі жағдай тұрақыт екенін айтты. Алайда, соғыс болжанғандықтан, елдегі экономика құлдырай бастаған.

    «Украинада болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бұл мәселелер Украина экономикасына өте күрделі өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі таңда, әрине, халықтың көңіл-күйі түсіп кеткен. Біреу үйіңе есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің» деді Дархан Қалетаев.

    Оның айтуынша, Киевте қазір тыныш. Елші «Соғыс болып жатыр» деген бос сөз деп сендірді. Украинада қазір екі мың қазақстандық тіркеуде тұр.

    «Олардың бәрімен тікелей хабардамыз. Қауіп төнген жағдайда қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде жоспарымыз бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бұл мәселе келісілген. Әрине, ең бастысы – әуе жолы. Қазір ғана Air Astana әуе компаниясының басшылығымен тікелей телефон арқылы келіссөз жүргіздім. Қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде толық түсінік бар. Егер әуе жолы жабылса, басқа да жолдар бар» деді Қалетаев.

    Еске салсақ, бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрі Ресейдің бұрынғы Кеңес Одағын құруға тырысып жатқанын мәлімдеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →