Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    «6 жыл бойы заңсыз жалақы алған»- Атыраудағы университет деканы жұмыстан шығарылды

    Қызметтік тексеру нәтижесінде жауапты адамдар жазаланып, декан жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Атыраудағы университет деканы алты жыл бойы заңсыз жалақы алып келгені анықталды. Сонымен қатар жұмыс күндері Түркияға, Оңтүстік Кореяға және басқа елдерге бірнеше рет сапарға шыққан.

     

    – Декан алты жылдың 80 жұмыс күнінде іс жүзінде жұмыста болмағанымен, табельдерге ақылы күндер қойылған.  Төлемнің жалпы сомасы 1 млн теңгені құраған, –  деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

     

    Осыдан кейін ол университетте қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін 2023 жылғы 20 қазанда лауазымынан босатылып, ал 1 қарашадан бастап жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ университет шенеуніктері де жазаланған. Ал заңсыз төленген ақша ЖОО-ға қайтарылды.

    Университет не дейді

    Кейін деканға қатысты ақпаратқа университет түсініктеме берді, деп жазды AtyrauPress.

     

    – Аталған университеттің бұрынғы қызметкеріне, оның іссапарға жоспарланған мерзімнен ерте кеткен немесе кеш келген, сонымен қатар отбасылық және денсаулық жағдайларына байланысты кейбір уақыттарда жұмыстан сұранған күндерінде де табельде есептеліп ақы төленген.  Университетке келтірілген шығынды бұрынғы декан анықталған сомаға сәйкес толықтай қайтарды, – делінген хабарламада.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →