Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты •

    Жедел жәрдем келгенше 17 адам қайтыс болған – Алматы Прокуратурасы

    Алматылық тұрғындар Медеу ауданы әкімі мен прокурорымен кездесуде медициналық көмекті уақтылы алу мәселесін көтерді.

    Жедел медициналық көмек көрсету ережесі бойынша дәрігерлер бригадасы өмірге қауіп төндіретін жағдайларда шақыртуды алған сәттен бастап 10 минутқа дейін келуі тиіс.

    Алайда  прокурорлар ықшамауданға ең жақын станция 20 шақырым жерде орналасқанын, бұл көбінесе кептелісті ескере отырып, фельдшерлердің келу уақытын кешіктіретінін анықтады.

    «Талдау нәтижелерінен былтыр аталған ықшамауданның 17 тұрғыны жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болып кеткенін білдік. Медеу ауданының прокуратурасы осы проблеманы шешу үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Бұл акті бойынша «Алатау» ықшамауданында жеке жедел жәрдем станциясы ашылды, сондай-ақ 17 адамның қайтыс болу себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды», – делінген Алматы қалалық Прокуратурасы хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →