Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Атыраудағы каналдан аққан лас су Жайыққа құйылып жатыр

    Жайық өзеніне Атырау қаласындағы Ерік-Мостовой каналынан лас су құйылып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бұл туралы Атырау қаласының тұрғыны облыстық Экология департаментіне komek109.kz желісі арқылы шағым түсірген. Осыған байланысты департамент мамандары Жайық өзеніне Ерік-Мостовой каналынан лас су аққан тұстан сынама алған.

     

    «Ерік-Мостовой каналы шаһардағы «Атырау» шағын ауданынан басталады. Қала аумағы арқылы Ракуша және Еркінқала ауылдарының қиылысы тұсынан Жайық өзеніне қосылады. Су сынамаларын талдау қорытындысымен хлорид және құрғақ қалдық көрсеткіштері рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу дерегі анықталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

     

    Осыған байланысты департамент мамандары Атырау қаласының әкіміне арнайы хат жолдады. Онда Ерік-Мостовой каналынан Жайық өзеніне ағып жатқан суды тоқтату, канал жағасын, ішін қалдықтардан тазалау шараларын жүргізу жайлы айтылған.

    Бұл каналдың ұзындығы – шамамен 15 шақырымдай. Канал 2000 жылдардың басында дренаж жобасын іске асыру үшін қазылған. Қазір қараусыз жатыр.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Астана тұрғындары прзидент саябағындағы құрылыс қалдықтары Есіл өзеніне тасталып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →