Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? «Көзіме шөп салды»: блогер Айым ажырасып кеткенін мәлімдеді (ФОТО) «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? «Көзіме шөп салды»: блогер Айым ажырасып кеткенін мәлімдеді (ФОТО) «261 келі балық аулаған»: Балқашта браконьерге қатысты үкім шықты

    Тоқаев қала аудандары арасындағы теңсіздікті жою керектігін айтты

    Мемлекет басшысы Астананың 25 жылдығы бауырлас қалалардың мерейтойлық форумында қала аудандарын дамыту ісіндегі теңсіздікті жоспарлы түрде жою керегін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    «Білім беру, денсаулық сақтау нысандары, мәдени-демалыс мекемелері, саябақтар мен қоғамдық орындар қаланың барлық тұрғынына бірдей қолжетімді болуға тиіс. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қала инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіре түсу қажет. Оны мойындауымыз керек. Осы ретте елордамыз қала тұрғындарына ғана емес, еліміздің барша азаматына мол мүмкіндік береді. Мысалы, Астанада әлемдік деңгейдегі клиникалары бар медициналық кластер қалыптасты. Мұнда күрделі операциялар жасалады, Қазақстанның әр аймағынан келген науқастарға жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетіледі. Біз қала аудандарын дамыту ісіндегі теңсіздікті жоспарлы түрде жоюымыз керек», — деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қала инфрақұрылымын дұрыс ұйымдастыруды да тілге тиек етті.

    «Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды. Технологияның, атап айтқанда жасанды интеллекттің қарыштап дамуы қалаларды барынша сапалы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – біз үшін өзекті міндет», — деді Мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ Тоқаев адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал ететінін айтты.

    «Астана бұл бағытта дамып келеді және бірқатар жетістікке жетті», — деді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →