СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді
Фото: ҚР СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында жүрген азаматтарды елге қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Әлеуметтік желілерде көмек сұрап, бейнеүндеу жариялаған азаматтарға қажетті шаралар қабылдануда. Оларды Қазақстанға қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексеріледі.
Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатын болады, — делінген хабарламада. СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапының өкілдерімен түрлі деңгейде жұмысты жалғастырып жатыр.
