Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысынан әскерге аттанған сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған Қарағандыны түтін басты: Майқұдық тұрғындары демалу мүмкін емес деп шағымданды Қарағандыны түтін тұмшалады: Майқұдық тұрғындары «демалу мүмкін емес» деп дабыл қақты Астана 2028 жылы Әлемдік мұнай кеңесінің конгресін өткізеді Туған күйеу баласын атып тастаған полицей 10 жылға сотталды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына шығып, әлем рейтингінің көшін бастайды Түркістан облысынан әскерге аттанған сарбаз өздігінен жүріп-тұра алмай қалған Қарағандыны түтін басты: Майқұдық тұрғындары демалу мүмкін емес деп шағымданды Қарағандыны түтін тұмшалады: Майқұдық тұрғындары «демалу мүмкін емес» деп дабыл қақты Астана 2028 жылы Әлемдік мұнай кеңесінің конгресін өткізеді Туған күйеу баласын атып тастаған полицей 10 жылға сотталды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына шығып, әлем рейтингінің көшін бастайды

    Қарағандыны түтін басты: Майқұдық тұрғындары демалу мүмкін емес деп шағымданды

    Қарағандыда дала өртінен кейін Майқұдық тұрғындары ауаның түтіндегенін айтып шағымданды. Өрт 7 гектар жерді шарпыған, сөндіруге 35 маман мен 8 техника жұмылдырылды.

    Қарағандыны түтін басты: Майқұдық тұрғындары демалу мүмкін емес деп шағымданды

    Қарағандыда дала өртінен кейін қаланың бірнеше бөлігін қою түтін қаптап, күйік иісі шықты. Әлеуметтік желілерде Майқұдық тұрғындары ауаның қатты түтіндегенін жеткізіп, «демалу мүмкін емес» деп арызданды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өрт Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Восток» шағынауданының Сахалин учаскесінде тұтанып, шамамен 7 гектар жерді шарпыған. Ағаштар, бұталар, құрғақ шөп және қоқыс өртенген, жалынның әрі қарай таралуы тоқтатылған.

    Өртті сөндіруге 35 маман мен 8 техника жұмылдырылып, құтқарушылар жекелеген ошақтарды толық сөндіру жұмыстарын жалғастырды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →