Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады •

    Қарағандыны түтін тұмшалады: Майқұдық тұрғындары «демалу мүмкін емес» деп дабыл қақты

    Қарағандыны түтін тұмшалады: Майқұдық тұрғындары «демалу мүмкін емес» деп дабыл қақты

    Фото: видеодан скрин

    Қарағандыда шыққан дала өртінен кейін қаланың бірнеше бөлігін қою түтін басып, күйік иісі сезілген. Әлеуметтік желіде Майқұдық тұрғындары ауаның қатты түтіндегенін айтып, «демалу мүмкін емес» деп шағымданды. 

    Өрт Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Восток» шағынауданының Сахалин учаскесінде шығып, шамамен 7 гектар аумақты шарпыған.  Ағаштар, бұталар, құрғақ шөп пен қоқыс өртеніп, жалынның одан әрі таралуы тоқтатылған.  Өртті сөндіруге 35 маман мен 8 техника жұмылдырылып, құтқарушылар жекелеген ошақтарды толық сөндіру жұмыстарын жалғастырған.  Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Видео:  @1karagandy.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →