Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды •

    Қарағандыда жол апаты: Chevrolet Cobalt жолаушысы қаза тапты

    Қарағандыдағы Майқұдық тұрғын алабында болған жол апатында Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы қаза тапты. Полиция тергеу бастады.

    Қарағандыда жол апаты: Chevrolet Cobalt жолаушысы қаза тапты

    Сурет: Видеодан скриншот

    Қарағанды қаласының Майқұдық тұрғын алабында таңертең автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, адам өмірі қиылды. Бұл оқиға turkystan.kz сайтында хабарланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға куәгерлері түсірген видео Instagram-дағы dorogi_karagandy парақшасында жарияланды. Кадрларда қатты зақымданған ақ түсті көлік пен жедел жәрдем көлігі көрінеді.

    Полиция өкілдерінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 6 қыркүйекте, сағат 07:30 шамасында К. Маркс көшесінде болған. Chevrolet Cobalt көлігі мен Yutong маркалы автобус соқтығысқан.

    Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігіндегі 36 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият әрі сақ болуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →