Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты • Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты •

    Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті

    Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті

    Ақмола облысының Красивое ауылындағы теміржол станциясында ер адам қозғалыстағы вагонның астына түсіп, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам вагон қозғала бастаған кезде теміржол рельсінің бойында болған. Оның құрам маңында қандай жағдайда жүргенін қазір полиция анықтап жатыр.

    Зардап шегушінің екі қолы ауыр жарақаттанып, көп қан жоғалтқаны белгілі болды. Ол Есіл аудандық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жергілікті тұрғын емес, көрші өңірден іссапармен келгені анықталды.

    Оқиғаға қатысты Көкшетау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полицияның мәліметінше, іс теміржол көлігінің қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша тергелуде. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →