БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді
Фото: Видеодан скрин
ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін елімізге жеткізуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
«Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратурасы мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр», – деп жазылған хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
