Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады

    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    Фото: Видеодан скрин

    Абай облысының Бородулиха ауданындағы автобус аялдамасының бетон құрылымы қирап, тұрғындарға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Әлеуметтік желіде тараған видеодан павильонның бірнеше бөлігі сынып, ауыр бетон тақталардың жерге құлағанын көруге болады. Тұрғындар мұндай аялдаманың жанында тұрудың өзі қауіпті екенін айтып, жауапты мекемелерден нысанды шұғыл тексеруді талап еткен.

    Олар қауіпті аумақты қоршап, аялдаманы жөндеу немесе толық ауыстыру қажет деп отыр. Ауданның абаттандырылуы мен қоғамдық инфрақұрылымның жағдайына жауапты әкімдік мұндай нысандардың адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жетуіне жол бермеуге тиіс. Бородулиха ауданының әкімі – Талғат Мұратов, енді аудан әкімдігінен қауіпті аялдамаға қатысты нақты шара күтіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →