Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр • Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды • «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді • «Жарқын бейнесі есімізде»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды (ВИДЕО) • Қостанайда 100 шақырымдық бәйге өтеді • Сәкен Сейфуллиннің туғанына 132 жыл: ақын, саясаткер, репрессия құрбаны • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр • Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды • «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді • «Жарқын бейнесі есімізде»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды (ВИДЕО) • Қостанайда 100 шақырымдық бәйге өтеді • Сәкен Сейфуллиннің туғанына 132 жыл: ақын, саясаткер, репрессия құрбаны •

    Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады

    Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады

    Фото: istockphoto.com

    Енді жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Яғни әлеуметтік төлемге өтініш беру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, смартфон арқылы қашықтан рәсімдеуге болады. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөліміне кіріп, қажетті өтінішті толтыру жеткілікті. Электронды өтінішті eGov.kz арқылы беру мүмкіндігі де сақталады.

    Бұған дейін әйелдер әлеуметтік төлемді алу үшін құжаттарымен ХҚКО-ға жеке баруы керек еді.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаевтың айтуынша, жаңа қызмет азаматтардың мемлекеттік мекемелерге баруын барынша азайту үшін іске қосылды.

    «Біздің стратегиялық мақсатымыз – азаматтарды қағазбастылықтан және мемлекеттік органдарға бару қажеттілігінен барынша босату. Бұл, әсіресе, жүкті әйелдер мен жас аналар үшін маңызды», – деді ол.

    Жаңа сервис толық іске қосылған, жұмыс істеп тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →