Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Тоқаев аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерін нығайтуды тапсырды Он секундта таусылған орын: Астана мектептері неге өсімге ілесе алмай отыр? Оңтүстік Кореяда рекордтық жауын жауды Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Тоқаев аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерін нығайтуды тапсырды Он секундта таусылған орын: Астана мектептері неге өсімге ілесе алмай отыр? Оңтүстік Кореяда рекордтық жауын жауды

    Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    Қазақстанда мектептер оқушылардың сабақ кезінде мобильді телефондарын қайда қалдыратынын өздері анықтайды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, оқу процесі кезінде оқушыларға телефон пайдалануға болмайды. Тек бұл оқу жоспарында қарастырылған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.

    Егер қысқа мерзімді жоспарда қарастырылмаса, бала оқу процесі кезінде ұялы телефон қолданбайды, – деді Шынар Ақпарова.

    Бұл ретте оқушы телефонды сабақ алдында нақты кімге тапсыруы керектігі жөнінде бірыңғай талап болмайды. Мұндай ұйымдастырушылық мәселелерді әр мектеп өз жағдайына қарай дербес реттейді.

    Телефонды кімге тапсыру керек – мұғалімге бере ме, әлде сыныпта қалдыра ма, мұның бәрін білім беру ұйымы өзінде жасалған жағдайға байланысты нақты белгілейді. Телефондар сыныпта арнайы жерде сақталуы мүмкін немесе бөлек жәшіктер қойылуы ықтимал, – деп түсіндірді бірінші вице-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →