Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды •

    Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

    Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

    Фото: Оқу-ағарту министрлігі

    Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

    Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

    Қазақстан құрамасының күміс медаль иегерлері қатарында Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейтбай, Қызылорда облысындағы осындай лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов және Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан бар. Қазақстан құрамасына Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов пен International University of Information Technology синьор-лекторы Айбар Қуанышбай жетекшілік етті.

    2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.

    Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →