Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті •

    Қазақстан оқушылары IOI 2026-да 10-орынға ие болды

    Ташкентте өткен IOI 2026 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте 10-орынға ие болды.

    Қазақстан оқушылары IOI 2026-да 10-орынға ие болды

    Сурет: turkystan.kz

    Ташкентте 92 елден 375 оқушы қатысқан информатикадан халықаралық олимпиада (IOI 2026) мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл – еліміздің олимпиада тарихындағы үздік нәтижелердің бірі. Астанадағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль иеленіп, жеке есепте әлемдік бестікке енді. Осылайша ол әлемдегі үздік жас бағдарламашылардың қатарына қосылды.

    Күміс жүлдегерлер: Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейтбай; Қызылорда облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов; Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан.

    Өткен жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 14-орында болған еді. Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің қоржынына барлығы 79 медаль түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →