Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды •

    АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді

    АҚШ-та Қытай азаматтарына грин-карта алу үшін ұйымдастырылған жалған некелердің ең ірі желісі әшкереленді. 11 адамға айып тағылды, қызмет құны 100 мың долларға жеткен.

    АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді

    Сурет: egemen.kz

    Америка Құрама Штаттарында Қытай азаматтарына грин-карта алуға көмектесу мақсатында құрылған жалған некелердің еліміздегі ең ірі желісі анықталды. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Схеманы ұйымдастырды деген күдікпен 11 адамға айып тағылды. Тергеу деректеріне сүйенсек, олар мыңнан астам жалған неке қиюды ұйымдастырған. Мұндай қызметтің құны 100 мың долларға дейін жеткен. Бұл сомаға үйленуге ұсыныс жасау сәтін бейнелейтін фотосуреттер, үйлену тойының фотосессиясы және иммиграциялық сұхбатқа дайындық бойынша нұсқаулық кірген.

    Жалған некеге келіскен АҚШ азаматтарына үйлену тойы үшін 30 мың долларға дейін төленген. Некелер тек АҚШ-та ғана емес, Қытайда да қиылған.

    Биыл ақпан айында АҚШ-та Қытай азаматтарымен жалған неке ұйымдастырудың тағы бір схемасы әшкереленген болатын. Алайда ол кезде тек америкалық әскери қызметшілер тартылған. Олардың жұбайлары иммиграциялық мәртебе алумен қатар, әскери нысандарға кіруге мүмкіндік алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →