Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жатақханадан медициналық пунктке дейін: «Қазақмыс» жұмыскерлерге арналған нысандарды жаңартуда • Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасаның қарашадағы ойындарына қатыспайды • Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • Жатақханадан медициналық пунктке дейін: «Қазақмыс» жұмыскерлерге арналған нысандарды жаңартуда • Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасаның қарашадағы ойындарына қатыспайды • Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы •

    Қазақстанның халал сертификаты Қатарда ресми танылды

    Қазақстанның халал сертификаты Қатарда ресми танылды

    Фото: Қазақстан стандарттау және метрология институты

    ҚазСтандарт Қатарда ресми түрде танылды. Кәсіпорынды халал сертификаттау жөніндегі уәкілетті органдардың тізіліміне енгізді. Бұл қазақстандық өндірушілердің катар нарығына шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл туралы Қазақстан стандарттау және метрология институты мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ақпарат Қатардың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің Global Partners System жүйесіндежарияланды. ҚазСтандарт Authorized List of Halal Bodies ресми тізбесіне енді.

    — Тізілімге енгізу ҚазСтандарттың халал-сертификаттау саласындағы құзыреттілігін растайды. Енді отандық тамақ өнімдерін өндірушілер Қатарда танылатын талаптарды ескере отырып, сертификаттаудан Қазақстанда өте алады, — делінген хабарламада.

    ҚазСтандарт халықаралық талаптарға сәйкес халал өнімді сертификаттауды жүргізеді және ұлттық сертификаттау жүйесін тану ауқымын кеңейтуді жалғастыра бермек.

    Бүгінгі күні ҚазСтандарт БАӘ, Сауд Арабиясы Корольдігінде және Қатарда аккредиттеуден өткен. Бұл қазақстандық өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарықтарға ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →