Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды Алматыда Канье Уэст концертіне кіру сызбасы жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды Павлодарда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды Алматыда Канье Уэст концертіне кіру сызбасы жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды

    Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер

    Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер

    Қазақстанда ұзақ өмір сүрген адамдардың басым бөлігі қалаларда тұрады. 2026 жылдың басындағы дерек бойынша, елімізде жасы 100-ден асқан 1 323 адам бар. Оның 953-і қала тұрғыны болса, 370-і ауылдық жерде тұрады. Бұл туралы Finprom мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бір жыл ішінде қалаларда тұратын жүз жастан асқан адамдардың саны 32,2 пайызға өскен. Ал ауылдық жерлердегі ұзақ жасаған тұрғындардың саны 19,7 пайызға артқан. Осылайша, Қазақстандағы жасы 100-ден асқан тұрғындардың 72 пайызы қалада, ал 28 пайызы ауылда тұрады.

    Жүз жастан асқан адамдардың үлесін қала және ауыл халқының жалпы санымен салыстырғанда да айырмашылық байқалады. Қала тұрғындарының арасында жүз жастан асқандардың үлесі 0,007 пайызды құраса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 0,005 пайыз болған. Яғни Қазақстанда жүз жастан асқан адамдардың саны ғана емес, олардың өздері тұратын елді мекендегі жалпы халық санына шаққандағы үлесі де қалаларда жоғары.

    Фото: Julita

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →