Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген

    Түркістан облысында әкім орынбасарының жанжалдасқан видеосы тарады

    DK NEWS YouTube-арнасы, алдын ала ақпарат бойынша, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев, Сайрам ауданының Анықтау бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев және Сайрам АІІБ анықтау бөлімінің қызметкері Руслан Қайнаров түсірілген видео жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Ер адамдар «Қазына» кафесінде жанжал шығарғаны хабарланды. Ұрыс-керіс кадрларын куәгерлер түсіріп алған. Видеода әкімнің орынбасарына ұқсайтын ер адам қасындағы адамдарды итеріп, алдымен ер адамдармен, содан кейін әйелмен сөзге келетінін көруге болады. Кадрларда бейәдеп сөздер бар.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі видеода Ерлан Оразбаев бар екенін растады.

    «Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға түсті. Әзірге оны жұмыстан шығарып немесе жазалауға болмайды», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова OTYRAR басылымына.

    Түркістан облысы полициясы мәліметінше, оқиға 17 наурызда кафеде болған.

    «Бейнежазбадағы оқиға 17.03.2022 жылы Сайрам ауданында болғанын хабарлаймыз. Жанжал куәгерлері бұл туралы дереу полицияға хабарлады. Оқиға орнына Сайрам АІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы жедел түрде шығып, қажетті шаралар қабылдады. Жанжалға қатысы бар адамдар туысқан болып шықты. Олар бір-біріне шағым жазудан бас тартып, татуласты. Осыған байланысты полиция қызметкері куәгерлердің көзінше өтініштерден бас тарту туралы акт жасады, іс тоқтатылды», — деді олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →