Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты

    Қазақстан құрамасы Колумбияда өткен Халықаралық физика олимпиадасында бес алтын медаль жеңіп алып, тарихи нәтиже көрсетті. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

    Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты

    Сурет: newtimes.kz

    Колумбияда өткен Халықаралық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті. 85 елдің өкілдері бақ сынаған додада ұлттық команданың барлық бес мүшесі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұған дейін қазақстандық оқушылардың қоржынында қатысу тарихында барлығы 14 алтын награда болған еді. Қазіргі құрама оны бірден үштен біріне арттырды. «Біз феноменалды нәтиже көрсеттік. Өте тарихи нәтиже — біз бірінші орындамыз, 5 алтын медаль, мұндай болмаған еді! Оған дейін бүкіл құрамада 14 медаль болды, яғни біз тағы бесеуін жеңіп алдық. Алтын медаль қоржынымызды үштен бірінен астамына толықтырдық. Балалар өте талантты!» — деді физика жөніндегі құрама жаттықтырушысы Қасымхан Байсейітов.

    Құрамаға ілігу үшін оқушылар аудандық кезеңнен бастап республикалық олимпиадаға дейінгі көп сатылы іріктеуден өтті. Биыл үміткерлер сондай-ақ Малайзия мен Әзірбайжанда оқу-жаттығу жиындарына қатысты.

    Жеңімпаздардың бірі — 18 жастағы алматылық Роман Черемнов қарқынды дайындығы туралы айтып берді. «Олимпиада алдында, есімде, шамамен маусым айының басында өте қарқынды дайындала бастадым. Осы уақыттан бастап күн сайын сынақ турларын жазып жүрдім. Кейде бұған төрт сағат кететін, кейде бес сағаттан артық отыратынмын, сондай-ақ қателіктерімді талдап, шыға алмаған есептерді қайта шығаратынмын», — деді Роман Черемнов.

    Олимпиадашылар мен олардың бапкерлерінің жетістіктері мемлекет тарапынан ынталандырылады. Алтын медаль үшін оқушыларға алты миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы төленсе, күміс үшін шамамен төрт миллион теңге, қола үшін екі миллион теңгеден астам сыйақы беріледі. Жүлдегерлерді дайындаған педагогтар да материалдық сыйақы алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →