Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 31 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты Маңғыстау облысындағы жол апаты: Әкесі қаза тауып, 4 баласы жарақат алды Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Балалардың арманына қанат бітіретін жобалар: Алматы облысында жаңа өнер мектептері ашылады Түлкібаста 5 баланың әкесін ауылдастары пышақтап тастаған Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды (ВИДЕО) Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты Маңғыстау облысындағы жол апаты: Әкесі қаза тауып, 4 баласы жарақат алды Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Балалардың арманына қанат бітіретін жобалар: Алматы облысында жаңа өнер мектептері ашылады Түлкібаста 5 баланың әкесін ауылдастары пышақтап тастаған Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды (ВИДЕО)

    Маңғыстау облысындағы жол апаты: Әкесі қаза тауып, 4 баласы жарақат алды

    Маңғыстау облысындағы жол апаты: Әкесі қаза тауып, 4 баласы жарақат алды

    Фото: Маңғыстау облысы ПД

    Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Полицияның мәліметінше, 28 шілде күні таңертең Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Апаттан ең ауыр зардап шеккен – 2011 жылы туған қызы. Оған ауыр бас ми жарақаты, ішкі органдардың зақымдануы және көптеген сүйек сынықтары диагнозы қойылған. Баланың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

    Телемедициналық консилиумнан кейін бойжеткенді санитарлық авиациямен облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізу туралы шешім қабылданды. 35 минутқа созылған ұшу кезінде дәрігерлер қарқынды терапия жүргізіп, өмірлік маңызды көрсеткіштерді бақылауда ұстады.

    Дәрігерлердің айтуынша, баланы алда ұзақ әрі күрделі емдеу курсы күтіп тұр. Ауруханада 2013 жылы туған тағы бір бала жатыр, оның бүйрегі соғылып, үлкен гематома пайда болған.

    Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 2019 жылы туған балаға бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, дене жарақаттары диагнозы қойылды. Дәрігерлер оны ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, анасы балалардың әкесін жерлеу үшін Атырауға баруы керектігін айтып, стационарлық емдеуден жазбаша түрде бас тартқан. Дәрігерлер әйелге бұл шешімнің салдары туралы ескертті. Жағдайы тұрақты деп бағаланған 2021 жылы туған баласы да анасымен бірге үйіне жіберілді.

    «Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

    Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін осы көлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Полицейлер жүргізушімен профилактикалық әңгіме өткізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын түсіндірген. Сондай-ақ оған жолда міндетті түрде демалып алуға кеңес берілген.

    «Жүргізушіге қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, демалу үшін аялдау қатаң ұсынылған болатын. Өкінішке қарай, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →