Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандының қараусыз қалған көпірі: Майқұдықта тұрғындар мертігіп жатыр «Аяғы ауыр сияқты»: Динара Сәтжанға қатысты күтпеген ақпар тарады (ФОТО) «Миллиондар қайда кетті?»: Қостанай кіреберісіндегі ойлы-шұңқыр халықтың ашуын туғызды Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек Семейде жылу құбыры жарылған ба: ыстық су ағып жатыр Республика сарайында кездесеміз: түркиялық атақты актер Сұлтан Сүлеймен Алматыға келеді Қарағандының қараусыз қалған көпірі: Майқұдықта тұрғындар мертігіп жатыр «Аяғы ауыр сияқты»: Динара Сәтжанға қатысты күтпеген ақпар тарады (ФОТО) «Миллиондар қайда кетті?»: Қостанай кіреберісіндегі ойлы-шұңқыр халықтың ашуын туғызды Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек Семейде жылу құбыры жарылған ба: ыстық су ағып жатыр Республика сарайында кездесеміз: түркиялық атақты актер Сұлтан Сүлеймен Алматыға келеді

    Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек

    Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек

    Фото: shot_shot

    Бұл мекемеде атышулы каннибал Николай Жұмағалиев мәжбүрлі ем қабылдап жатыр.

    Тексеру әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін қолға алынды. Видеода Николай Жұмағалиевке ұқсас ер адам көрсетіліп, жазба авторы ауруханадағы тәртіп пен жағдайға қатысты министрге шағым айтқан.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі кейінгі уақытта аталған медициналық мекемедегі пациенттердің жағдайына қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған барлық ақпарат мұқият зерттелетінін хабарлады.

    «Денсаулық сақтау министрлігі әрбір шағымда келтірілген деректерді жан-жақты әрі объективті қарастыруға ерекше мән береді», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

    Министрдің тапсырмасына сәйкес, тексеруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді. Мамандар медициналық құжаттарды, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің жағдайын, лауазымды тұлғалардың әрекеттерін және емделушілердің құқықтарының сақталуын бағалайды.

    Бұдан бөлек, тексеру жұмысына прокуратура қызметкерлері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері де қатысады.

    Ақтас ауылындағы бұл арнайы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан науқастардың 80 пайыздан астамы адам өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған азаматтар болғандықтан, аурухана ерекше күзетпен қамтамасыз етілген.

    Николай Жұмағалиев, «Темір азу» деген лақап атпен белгілі, КСРО мен Қазақстан тарихындағы ең атышулы сериялы қылмыскерлердің бірі саналады. Ол 1979–1990 жылдар аралығында кемінде 10 әйелді өлтіріп, каннибализм жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

    Жұмағалиев алғаш рет 1980 жылы өз үйінде кезекті құрбанының денесін бөлшектеп жатқан кезде ұсталған. Кейін сот-психиатриялық сараптама оның шизофренияға шалдыққанын анықтап, қылмыстық жаза орнына мәжбүрлі емдеу шарасын тағайындаған.

    1989 жылы ол арнайы психиатриялық мекемеден қашып шығып, бір жыл бойы бой тасалап жүрген. Кейін 1991 жылдың қаңтарында Ферғана алқабында қайта қолға түсіп, содан бері Ақтас ауылындағы қатаң бақылаудағы республикалық психиатриялық ауруханада ем қабылдап келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →