Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты •

    Бейнеуді су басты: әкімдіктің селқостығы ма?

    Бейнеуді су басты: әкімдіктің селқостығы ма?

    Фото: Видеодан скрин

    Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында төрт күн бойы толассыз жауған нөсер салдарынан жүзге жуық тұрғын үй мен аула су астында қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Табиғаттың тосын мінезі аймаққа бірнеше айлық жауын-шашын нормасын бір-ақ күнде төгіп, жергілікті халықты әбігерге салды. Ресми дерек бойынша зардап шеккендер жоқ дегенімен, жұрттың дүние-мүлкі мен баспанасына келген шығын шаш етектен. Құтқарушылар мен коммуналдық қызмет түнімен жұмыс істегенімен, ауыл ішіндегі су деңгейін жедел түсіру мүмкін болмай жатыр.

    Жыл сайын қайталанатын мұндай төтенше жағдайларға жергілікті әкімдіктің алдын ала дайындық жасамауы және инфрақұрылымның әлсіздігі халықтың наразылығын тудырды. Тұрғындар «билік уәде бергенімен, іс жүзінде суағарлар мен дренаж жүйесі әлі күнге дейін дұрыс реттелмеген» деп ашынып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →