Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды

    Министрлік: Мұғалімдер кабинет жөндеуге ақша шығаруға міндетті емес

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жаңа оқу жылы алдында сыныптарды өз есебінен жөндеуге міндетті емес екенін мәлімдеді.

    Министрлік: Мұғалімдер кабинет жөндеуге ақша шығаруға міндетті емес

    Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді жаңа оқу жылына дайындық кезінде сынып бөлмелерін жөндеуге өз қаражатын жұмсамауға шақырды. Ведомство басшысы Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, білім беру ұйымдарын жөндеуге бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Министр педагогтерден кабинет жөндеуіне ақша жинауға немесе оларды осы жұмыстарға мәжбүрлеуге қатаң тыйым салынатынын атап өтті. Егер осындай заңбұзушылықтар анықталса, мұғалімдер құзыретті органдарға шағымдануға толық құқылы.

    Бұл мәселенің жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында туындайтыны белгілі. Осыған байланысты министрлік мектеп басшыларына заң талаптарын сақтап, мұғалімдерді олардың тікелей еңбек міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартуға жол бермеу керектігін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →