Аңға тас лақтырғандар: Семейде арыстандарды “ойыншыққа” айналдырған ересектер жұртты шулатты

Семейдегі балалар биологиялық орталығында жаға ұстатарлық жағдай болды.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ ер адам тордағы арыстандарға тас лақтырған.

Ең сорақысы – бұл көрініс балалардың көз алдында болған.

Оқиға орнында тұрғандардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Биоорталық өкілдері мұндай әрекет жануарларға қатыгездік екенін ашық мәлімдеді.

Айтуларынша, жануарлар ауырсынуды, қорқынышты, стрессті сезеді және өздерін қорғай алмайды.

Мамандар мұндай әрекет арыстандардың агрессиясын күшейтіп, қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Қазақстанда жануарларға зиян келтіруге заңмен тыйым салынғаны да еске салынды.

Әсіресе, балалардың мұны көріп, қайталауға тырысуы қоғам үшін дабыл қағарлық мәселе.

Құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты қандай шара қабылдайтыны әзірге белгісіз.

Видео дереккөзі: @abainewskz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика