Қазақстанмен шекаралас Қытай аймақтарында мал арасында аусылдың аса қауіпті жаңа штамы тарап жатыр. Шыңжаң мен Ганьсу провинциясында SAT1 вирусын жұқтырған 200-ден астам жағдай тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қытай билігінің мәліметінше, бұл – елде SAT1 штамының алғаш рет анықталуы. Сондықтан қазіргі қолданыстағы вакциналардың бұл вирус түріне қарсы еш әсері жоқ болып шықты.
Осыған байланысты жергілікті билік ауру жұқтырған малдың көзін жойып, аумақтарды жаппай дезинфекциялау жұмыстарын бастады.
Жағдайды ушықтыратын тағы бір мәселе – вирустың өте жұқпалы және тез таралуы. Бұған дейін Африкадан тыс жерде кездеспеген бұл ауру түрі Батыс Азия елдеріне де жетіп үлгерген. Ауру ошағының Қазақстанға жақын орналасуы еліміз үшін де елеулі қауіп тудырады.
Фото: Әлеуметтік желіден
