Семей суға батып жатыр: әкімдік қайда қарап отыр?

Фото: Видеодан алынған кадр 

Семейде қарапайым жауыннан кейін көшелер көлге айналды. Қаладағы Б.Боранбай көшесінде көліктер су кешіп, жүргізушілер қозғала алмай қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Кейбір тұрғындар бұл жерден өту үшін «қайық керек» деп ашық айтып отыр.
Инженерлік инфрақұрылымның әлсіздігі тағы бір рет көзге шықты.
Жыл сайын қайталанатын бұл мәселе неге әлі күнге шешілмегені түсініксіз.

Әкімдік тарапынан нақты әрі жүйелі шешім көрінбейді.
Жауын жауса болды — Семейдің жолдары жарамсыз күйге түседі. Бұл тек қолайсыздық емес, қауіпсіздік мәселесіне айналып барады. Қала тұрғындары жауаптылардан нақты әрекет күтеді.
Әзірге су басқан көшелер – шешілмеген проблеманың айғағы ғана.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика