Атырау облысында дрон сынықтары табылды: полиция тексеруді бастады

Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас заттың сынықтары табылып, жергілікті полиция мен арнайы қызметтер тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз нысанның бөлшектері елді мекеннен тыс жерде анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл шекаралас өңірлерде тіркелген алғашқы жағдай емес. Осыған дейін, 26 наурызда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында да ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылған болатын. Сондай-ақ ақпан және наурыз айларында БҚО аумағында тағы төрт аппараттың құлағаны тіркелген.

Ол кезде Қорғаныс министрлігі БҚО-да табылған дрондардың басым бөлігі Ресей Федерациясының 926-шы бас ұшу-сынақ орталығының полигоны аумағына құлағанын мәлімдеген еді. Ведомство бұл әуе кеңістігін ресейлік әскерилердің пайдаланатынын атап өткен.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика